02 Сәуір 2017, 05:45
Сәрсенбі күні кешке, 29 наурызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Cағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сапардың басты мақсаты- «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауын түсіндіру мен іске асыру.
Сапар барысында ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев облыс кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде өңірдің ірі өнеркәсіптік құрылымдарының өкілдерімен кеңес өткізді, сонымен қатар әлеуметтік жаңғырту мәселелері жөнінде өңір жұртшылығымен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе өңірлік кеңесінде облыстың бизнес ортасының өкілдерімен кездесулер өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев голландтық технология бойынша салынған, «Грин Хаус Қазақстан» атты өңірдің ең ірі жылыжай кешендерінің біріне барды, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез салынатын аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба құрылысының барысымен танысты.
ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев Ақтөбе ферроқорытпа және рельс-аралық зауыттарында, Ақтөбе көлік-логистика орталығында болып қайтты.
ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев планетария және обсерватория жобаларының презентациясы өткен Шығармашылық академиясына, шұғыл әрі жедел медициналық көмек көрсетумен айналысатын қалалық станса мен «Көз Жарығы» офтальмологиялық ауруханасына барды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу