15 Сәуір 2017, 16:27
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды. Ондағы басты мақсат - әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, сонымен қатар оларды Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуына қатысуға шақыру.
Сейсенбі күні, 11 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Нью-Йоркте халықаралық қаржы институттарының басшыларымен және рейтингілік консалтингтік және талдамалық компания өкілдерімен, Нью-Йорктің экс-мэрлері Рудольф Джулиани мен Майкл Блумбергпен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер туралы толығырақ мына жерден оқыңыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу