Видеодайджест: «ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Cағынтаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары»

Сәрсенбі күні, 29 наурызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Cағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев БҚО жұртшылығымен және батыс өңірлерінің құрылыс өкілдерімен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде бизнес орта өкілдерімен кездесті, ғылыми-педагогикалық ұжым мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, ИИДМБ аясында тұрғызылған «Батыс Пауэр» газ турбиналық электр стансасына барды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Cағынтаев «Болашақ Т» ЖШС, Оралдың жиһаз фабрикасы «Квант» ЖШС, «Жайық-Ет» ЖШС қызметтерімен танысты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу