Сәкен Сәрсенов ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

Сәкен Сәрсенов еліміздің ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствода.

С.Сәрсенов 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келген.

2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылдың қараша айы мен 2003 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 2003 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-ның электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 30 наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурыз айы мен 2012 жылдың қаңтар айы аралығында - Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі. 2012 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды.

2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың тамызы мен мамыр айының аралығында - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі.

2016 жылдың 21 мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі. .

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу