Вице-премьер Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға жақын арада Калачи ауылындағы жағдай туралы қорытынды мәлімет беруді тапсырды

2014 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақмола облысының Калачи және Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылдарындағы қалыптасқан жағдай туралы мәселелер қаралған селекторлық кеңес болып өтті.

Оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін аталған ауыл тұрғындарын түгелдей профилактикалық тексеруден өткізуді және атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы толық ақпарат беруді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу