Маңғыстау облысында сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 10,4 млрд долларды құрады
Маңғыстау облысында сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың 12 айында (қаңтар-желтоқсан) 10,4 млрд долларды құрады, деп хабарлайды облыстың мемлекеттік кірістер департаменті.
«Маңғыстау облысы 2015 жылдың 12 айында «Ішкі тұтыну үшін шығару» және «Тауарлар экспорты» кедендік рәсімдерінде ресімделген сыртқы сауда айналымы (Еуразиялық экономикалық қауымдастық ішіндегі сауданы есепке алмағанда) 10,4 млрд долларды құрады», - делінген департамент хабарламасында.
Сонымен қатар, экспорт 9,2 млрд долл құраса, импорт 1,1 млрд доллар. Жалпы сауда айналымында импорт 11,3 %-ды құраса, экспорт-88,7 %-ды құрады,
Айта кететін жайт, ТМД елдерімен тауар айналымының жалпы көлемі 48,2 млн долларды құрады. Тауар айналымынң өсуі келесі ТМД елдерінде байқалды: Молдова- 11,9%-ға өскен, Әзірбайжан Республикасы-5,8 %.
Сонымен қатар, тауар айналымынң басты үлесі келесі елдерде: Украина- 43,1 %,Әзірбайжан-33,7 %,Түркменістан-13,5 %, ал ТМД елдерінің жалпы үлесі 9,7 %-ды құрайды.
«Маңғыстаулық экспорт құлымында өткен жылғы секілді мұнай шикізат тауары негізгі үлесі болып келеді. Оған 2015 жылы барлық экпорт көлемінен 98,8 % келді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Маңғыстау ауданы бойынша өнімдерді сатып алушылар ішіндегі көшбасшылар қатарына Швейцария (экспорттың жалпы көлемі 57,6 %), Бермуд(14,7 %), Италия (10,2 %), Австрия (4,4 %), Нидерланды (3,5 %) жатады.
2015 жылғы импорттық негіздегі тауар тізімдемесінің қатарына металл және олардың өнімі 51 %-көлік және жабдықтау, көлік құралдары, құрылғылар мен аппараттар35,7; %, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері - 4,9 %, Жануар және өсімдік тектес өнімдер, азық-түлік өнімдері дайын болуы - 2,9%-ы кіреді.
Импортты тауардың негізгі жеткізушілері Франция (30,4 %), Италия (16,8 %), Қытай (11,5 %), Япония (4,7 %), АҚШ (4,4 %), Нидерланды (3,9 %), Ұлыбритания (3,9 %), Иран (3 %), Түркия (2,7 %), БАЭ (2,6 %), Германия (2,1 %), Украина (1,8 %) болып табылады.
2015 жылы Маңғыстау облысының кәсіпорындары 101 әлем елімен сыртқы экономикалық қызмет атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз