Денсаулық сақтауды және электрондық үкіметті дамыту мәселелері ертең Үкімет отырысында талқыланады
Ертең Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтауды дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылау жоспарланған, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихатында.
«19 наурызда Үкімет отырысы кезінде ҚР Денсаулық сақтауды дамыту 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылау жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың мәліметі тыңдалады», - деді А.Әбибуллаев.
Сонымен қатар, ертең болатын Үкімет отырысының күн тәртібінде электрондық үкіметті дамыту мәселелері тұр. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің сөз сөйлеуі барысында «egov.kz» мобилдік қосымшасы ұсынылады.
Осы мәселе бойынша ККМ-нің басшысы А.Жұмағалиев, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасайды деп күтілуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз