5 жылда Петропавлда 2,4 млрд теңге сомаға 148 көпқабатты үй жөндеуден өтті – әкімдік
2016 жылы Петропавл қаласында 50 көп қабатты тұрғын үйлердің алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп
мәлімдедіқала әкімі Марат Тасмағанбетов.
«2011 жылдан бастап Петропавл қаласында 148 көп қабатты тұрғын үйге 2,4 млрд теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деді М.Тасмағанбетов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша аппараттық жиналыста.
Оның айтуынша, атап айтқанда, 2015 жылы 6 үйге 136,7 млн теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге, осы жылы 15 көпқабатты үйлердің алаңы мен 3 әкімшілік ғимаратқа жөндеу жұмысы жүргізілді.
«2016 жылы 50 көп қабатты үйлердің алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған», - деп мәлімдеді қала басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз