7 айда ТЖМ суда құтқару қызметтері 800-ге жуық адамды құтқарды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметі 777 адамды құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

«Үстіміздегі жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің суда құтқару қызметінің құтқарушылары 777 адамды, оның ішінде 209 баланы құтқарды», - делінген ТЖМ мәлімдемесінде. 

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдың өткен 7 айында еліміздің су қоймаларында 1078 адам (оның ішінде 259 бала) апатқа ұшырады, бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімінен 28 %-ға аз. 

Оған қоса, үстіміздегі жылы 301 адам, оның ішінде 50 бала суға батқан, бұл 2012 жылдың 7 айынан 25 %-ға аз. 

«Үсіміздегі жылдың 7 айында суға батқандардың ең көп саны Алматы облысының су қоймаларында 63 адам, Қостанай облысы - 28 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 27 адам және Қызылорда облысы - 25 адам», - деп атап өтті ведомствода.

Айта кету керек, адамдардың су қоймаларында опат болуының негізгі себептері азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және жабдықталмаған орындарда шомылуы.  

Осылайша, ТЖМ мәліметінше, опат болудың 158 оқиғасы жүзу білмеуден, шомылу кезінде күшін дұрыс бағаламаудан, құтқарудың жеке құралдарының болмауынан, 93 оқиға мас күйінде шомылудан, 50 оқиға балалардың ересектердің қарауынсыз су қоймаларының жанында шомылуынан туындаған. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу