Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдар аралығында табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді.

Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі.

2002 жылы әртүрлі объективті (жасы, уақытша еңбекке жарамсыздығы, денсаулық жағдайы, жұмыстың жоқтығы және т.б.) себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР заңы қабылданған болатын.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың айтарлықтай үлесін балалар құрайтыны ескеріліп, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» ҚР заңына сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы енгізілді. Нәтижесінде АӘК алушылардың саны 30,9 есе азайды (2002 жылы 1,18 млн адамнан 2015 жылы 38,2 мың адамға дейін).

Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында, 1997 жылдан бері тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдері осы мақсаттарға кететін шекті шығындардан артқан  отбасылары үшін тұрғын үй көмегі енгізілді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.

Осы шаралардың барлығы жан басына шаққандағы шығыны шығындардың белгіленген мөлшерінен төмен отбасыларыға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің элементтері болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі заман жағдайын есепке ала отырып, қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды қайта қарау, атаулы әлеуметтік көмекпен қолдауды күшейту, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден өту үшін еңбек белсенділігін ынталандыратын пассивті көмектен белсенді саясатқа өту қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың атаулылығын күшейту үшін аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» жобасы 2014 жылдан бері іске асырылады. Ол атаулы көмек формасынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік контракт жүйесі) қағидаларына өтуді қарастырады.    

Жобаның іске асырылуы оған қатысушылардың орта есеппен жан басына шаққандағы табысының 2 есе жоғарылауына, жұмыспен қамту шараларына 90% жуық еңбекке белсенді қатысушыларды жұмылдыруға, жалпы мемлекет бойынша АӘК алушылар мен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақылар алушыларын қысқартуға - 31,8% және 2,1% ықпал етті.

Сонымен, кедейлікпен күресу бойынша тиісті шаралардың қабылдануы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуі, жұмыспен қамтудың және халық табысының өсуі кедейлік деңгейінің айтарлықтай қысқаруына алып келді.         

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу