ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Жұмыс жоспарының бірінші тармағы мұнай-газ саласындағы мамандықтар бойынша 600-ден астам студент білім алып жатқан мамандарды дайындау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру өңіраралық кәсіби орталығына барудан басталды.

Б.Сапарбаев әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен мәжіліс өткізді, онда Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті берген тапсырмалар мен «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Жиын қорытындысында вице-премьер «Мемлекет басшысының саясаты арқасында елде серпінді дамыған еңбек нарығы құрылғанын, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі артып жатқанын» атап өтті.

Сонымен қатар, ұлттық еңбек нарығын дамыту үшін тәуекелдің объективті факторлары бар. «Бұл проблема ішкі үрдістерге емес, әлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты. Жұмыспен қамту саласындағы жағдайдың нашарлауының уақтылы алдын алу үшін тәуекел тобындағы кәсіпорындардың тұрақты мониторингі жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр өңірде Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары бекітілді», - деп атап өтті вице-министр.

Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға «қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеу және еңбек дау-дамайының уақтылы алдын алу бойынша» бизнеспен, кәсіподақтармен белсенді ынтымақтастықта болуды тапсырды.

Сапар барысында Премьер-Министр әлеуметтік сала нысандарын аралады. Б.Сапарбаев Назарбаев химия-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектебінде болды, «Мирас» балабақшасының және облыстық балалар ауруханасының жұмысымен танысты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу