24 Қаңтар 2017, 06:24
24 қаңтарда мемлекет және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар көмір өнеркәсібін дамыту мәселелері қарастырылған ҚР Үкіметінің отырысы өтті.
Бірінші мәселе бойынша басты баяндамамен дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында уәкілетті органның басшысы ҮЕҰ-дың өзекті әлеуметтік міндеттердің шешімін табудағы маңыздылығын айтып өтті. ҮЕҰ 28 мыңнан астам адам жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыспен қамтудың нақты секторына айналуда.
Қосымша баяндамашы ретінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі.
Екінші мәселе бойынша энергетика министрі Қанат Бозымбаев есеп берді. Оның айтуынша, әлемдік трендтер мен Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуін есепке алғанда, көмір химиясын дамыту қажеттілігі туындағаны анық. Бұл бағыт өнімнің тұтынушылық қасиетінің сапалы өзгеруіне әкеліп, сәйкесінше, оның нарықтық бағасын арттырып, ең бастысы - энергетикалық көмір нарығының шегінен шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Республикалық тау-кен қазу және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец баяндамасын оқыды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу