Ертең Үкімет отырысында моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланады
Ертең Үкімет отырысында моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылау жоспарланған, деп хабарлады бүгін брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
"Ертең,10 қыркүйек күні Үкімет отырысында халық саны 1 млн 530 мың азамат болатын моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланады",- деді А.Әбибуллаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы моноқалаларды әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа өнеркәсіптер мен жұмыс орындарын құруға мақсатталған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз