Ертең Үкімет отырысында инвестициялар тарту және АЭА дамыту мәселелері қаралады
Ертең, 16 шілде күні Үкіметтің кезекті отырысында инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылау күтілуде. Сонымен қатар, алдағы 2013-2014 жылдары жылу беру маусымына дайындық барысын қарау жоспарланған.
Аталған мәселелер бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Өңірлік даму министрлігінің басшылары баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз