28 Қаңтар 2013, 06:29
Ертең, 29 қаңтарда Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығарутуралы қаулысының жобасын қарастыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«29 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен Үкімет отырысы өтеді, онда ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығарутуралы қаулысының жобасы қарастырылады», - деді А.Әбибуллаев.
Сондай-ақ үкімет отырысында Мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық комиссиясымен өзара әрекеттестігі ережесі де қарастырылатын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу