01 Шілде 2026, 11:40
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.
Жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыруда Еібек және залықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру және әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жүргізуде. Оның негізгісі – халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын арттыру. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5% пайызды құрайды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен шамамен 228 мың азамат. Экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 миллионы қамтамасыз етілді.
«Бұдан әрі қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің неғұрлым белсенді моделіне көшуге бет бұратын боламыз. Мансап орталықтары "бэк-офис" моделінен "фронт-офис" моделіне ауысады. Негізгі назар жұмыспен қамтылмаған азаматтарды анықтау, атаулы сүйемелдеу және тұрақты жұмысқа орналасуға дейін жеткізу мәселелеріне аударылады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа моделі енгізіледі, жұмыс орындарын квоталау тетігі кеңейтіледі, ол: квоталарды автоматты түрде белгілеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу», — деп атап өтті Асқарбек Ертаев.
Оның айтуынша, платформалық жұмыспен қамтуды ресімдеу және интернет-платформа жұмыскерлерін жұмыстарды орындау кезіндегі қорғау шараларымен және механизмдерімен қамту бойынша жұмыс жалғасады. Еңбек нарығының инклюзивтілігін арттыру мақсатында «күміс жас» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Жұмыс орындарын құру кеңейтіледі. Азаматтарды креативті индустриялар саласына тарту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады. Кәсіптік оқыту және жаңа дағдыларды меңгеру тәсілдері де қайта қаралады. Оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, азаматтарды алған біліктілігі бойынша кейіннен жұмысқа орналастыруға бағытталуы тиіс.
«Осы жылы шілдеден бастап Маңғыстау және Павлодар облыстарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жаңа моделі іске қосылады. Бұл бос жұмыс орындарын таңдауды жеделдетуге, оқыту бойынша ұсыныстарды дербестендіруге және қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде атаулылық және мұқтаждық қағидатын жүзеге асыру негізгі жаңашылдық болады. Негізгі басымдық санаттық тәсілден отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқат деңгейін кешенді және атаулы бағалауға ауысады. Бұл мемлекеттік ресурстарды неғұрлым әділ және тиімді бөлуге, мемлекеттік қолдауды оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға ғана бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік саясат еңбек, білім беру және еңбек арқылы азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасауға бағытталатын болады», — деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасы бойынша үй шаруашылықтарының әл-ауқатын бағалау әдістемесі жаңартылды, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмі әзірленді және негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялар жүзеге асырылды. Платформаның функционалы және отбасы құрамын қалыптастыру механизмі пысықталды.
Келесі кезең – «eGov Mobile» қосымшасында үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыру және банктермен, Қаржы министрлігімен және кредиттік бюролармен интеграциялау арқылы деректер құрамын кеңейту. Бұл отбасылардың нақты табыстарын, шығыстарын және қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде туындаған проблемаларға ден қоюдан оларды ерте кезеңде айқындауға көшеміз. Бұл әрбір отбасыға атаулы және проактивті қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
#Жұмыспен қамту #Президенттің тапсырмасы #Үкімет отырысы #Әлеуметтік қорғау«Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың 13 қолдау шарасын көрсету автоматтандырылды, «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау жасалды, әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың ашықтығы мен айқындығын арттыру қамтамасыз етілді.
Жыл соңына дейін қолдау шараларын атаулылық қағидаты бойынша тағайындауды қамтамасыз ету, eGov (mobile) арқылы өтініш беру мүмкіндігін ұсыну, жекелеген қызметтер бойынша қағаз анықтамаларды алып тастау және мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын «Әлеуметтік әмиянда» көрсетуді қамтамасыз ету жоспарлануда. Нәтижесінде азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығын, атаулылығын және ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін Әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасы қалыптастырылады. Министрлік Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді», — деді министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу