ҚР Үкіметінің отырысы, 13.05.2025

13 мамыр күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

Көктемгі егіс жұмыстарының барысы және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндама жасады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген дерек бойынша, 2025 жылы еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру нәтижесінде екі жыл ішінде бидай алқабы 750 мың гектарға қысқарды, бұл ретте мал азықтық және майлы дақылдар алқабы 3,3 млн гектарға жеткізілді. Бұл ретте күнбағыс алқабы 1,4 млн гектарға, дәнді және бұршақты дақылдар 16,6 млн гектарға, мақта алаңы 135 мың гектарға жетеді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 30 қаңтарда энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 400,9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткенін атап өтті. Дизель отынының бағасы – ҚҚС қосқанда литрі 254 теңге, бұл жанармай құю стансасындағы бөлшек сауда бағасынан 15-20% арзан. Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отынына қажеттілігі 400,9 мың тоннаны құрайтыны, оның 215 мың тоннасы немесе 54%-ы ақпан-сәуір айларында жөнелтілгені атап өтілді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанда вегетациялық маусымның басы әдеттегіден 20 күн ерте басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл көктемгі ауа райының қалыптан тыс жылы болуына байланысты. Министр еліміздегі су ресурстарының ең ірі тұтынушысы – ауыл шаруашылығы саласы екенін атап өтті. Саланың үлесіне жалпы су пайдаланудың 60%-дан астамы тиесілі. 

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің көптеген өңірінде ыстық әрі құрғақ ауа райы, дегенмен астықты өңірлерде, тау бөктерлері мен оңтүстіктің шеткері аймақтарында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақын мөлшерде болады деп болжанып отырғанын айтты. Сол себепті астық егетін аймақтарда егін егу жұмыстарын мерзімнен ертерек жүргізу ұсынылды.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарының, оның ішінде Үкімет жанындағы Жедел штаб шеңберінде сапалы жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу