03 Қазан 2023, 14:36
3 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Премьер-Министр кәсіпорындарда инновациялық технологияларды енгізудің жаңа тәсілдерін, ірі жобаларды инфрақұрылымдық және ресурстық резервтермен басым түрде қамтамасыз ету механизмін әзірлеу, сондай-ақ инвестиция тарту жұмыстарын өзектендіру қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысы жекеменшік таксидің, әсіресе қалааралық бағыттардағы такси қызметін реттеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, көлік құралдарын техникалық тексеруден өткізу сапасын тиімді бақылау механизмін әзірлеуді, заң бұзушылықтарды тіркеу камераларының санын көбейту және трассалық медициналық-құтқару пункттерін дамыту, оның ішінде мобилді жылжымалы бригадалар құру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу