05 Мамыр 2025, 16:00
5 мамыр күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Елімізде химия және мұнай химиясы салаларын дамыту мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады.
Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп және құрылыс министрі саланың негізгі ірі кәсіпорындары ең алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз ете отырып, экспорттық әлеуетті дамытып жатқанын атап өтті. Соңғы бес жыл ішінде жалпы салада 5%-ға тұрақты өсу қарқыны байқалады.
Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны шамамен $15 млрд болатын алты ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ерлан Ақкенженовтің мәлімдеуінше, жобаларды іске асыру шамамен 3,5 мың тұрақты жұмыс орнын және құрылыс кезеңінде 16 мыңнан астам уақытша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Премьер-министр салалардың даму көрсеткіштеріне назар аударды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7%-ға ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50%-дан жоғары болды. Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты, бұл 2023 жылғы деңгейден 13%-ға артық. Биылғы I тоқсанда да оң динамика сақталып отыр. Химия саласы 12,5%-ға өсті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу