15 Сәуір 2025, 16:00
15 сәуір күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
2025 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық шаралары қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ облыс әкімдері баяндама жасады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік орман қорының аумағы 31 млн гектарды құрайды, оның 13,9 млн гектары орманмен көмкерілген. Ерлан Нысанбаев министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ірі орман өрттерінің алдын алу үшін шаралар қабылдағанын атап өтті.
Төтенше жағдайлар вице-министрі өңірлерде аумақты тазарту және жырту жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ орманды дала алқаптарында алдын алу шаралары басталғанын мәлімдеді. Жекелеген әкімдіктерге өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықтың жеткіліксіздігі туралы 700-ден астам ескерту берілді. Мобильді топтардың күнделікті рейдтері жалғасуда, оның барысында 475 бұзушы анықталды.
Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігінің басшысы табиғи өрттерді мониторингілеу үш негізгі кезең бойынша: өртке дейін, өрт кезінде және өрттен кейін жүзеге асырылатынын баяндады. Бұл тәсіл әр кезеңде жедел деректерді ұсынуды қамтиды және уақтылы жауап беруге, сондай-ақ салдарын дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов Қазгидрометтің ыстық және құрғақ жаз туралы болжамын ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңдегі барлық қызметтердің жедел және үйлестірілген жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев елді мекендерді су тасқынынан қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Барлық су тасқыны қаупі бар аймақтар мен гидротехникалық құрылыстар бақылауға алынды, су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылуы тексерілді.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынынан қорғауға және су инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар туралы хабарлады. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталды. 2024 жылы 1395 гидротехникалық құрылыс тексеріліп, оның ішінде 560 нысан жөндеуді қажет ететіні анықталды.
Су тасқыны кезеңінде еліміздің авто және теміржолдарындағы жағдай туралы көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады. Алдына ала қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны салдарынан бұзылуына жол берген жоқ. Республикалық жолдарда 227 су өткізу құбыры салынды. Биыл қосымша 302 құбырының құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда.
Үкімет отырысы соңында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу