ҚР Үкіметінің отырысы, 17.02.2026

17 ақпан күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Жиында экономиканы әртараптандыру жөніндегі одан арғы тәсілдер қаралды. Өнімділікті арттырудың негізгі тәсілдері және өнеркәсіп нысандарын технологиялық жарақтандыру туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айқындап берген міндеттерге сәйкес экономиканы одан әрі әртараптандыру экономикалық өсудің сапалы түрде жаңа моделін қалыптастыруға бағытталу тиіс екенін атап өтті. 

  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республиканың өңдеу өнеркәсібінде іске асырылып жатқан негізгі жобалар туралы баяндады: Өткен жылы автомобиль өндірісі рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ын құрады. Барлығы 171 мыңнан астам көлік түрлері шығарылды.

  • Ауыл шаруашылығы министрі ағымдағы ахуал туралы айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы тұрақты әрі серпінді даму бағытын көрсетуде: Өткен жылдың 11 айында қайта өңделген өнім экспорты $3,2 млрд құрап, 33,8%-ға артқан.

  • Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын ағымдағы 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда. Жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады. 

  • Премьер-министр бір ай мерзімде қайта өңдеу саласында қосылған құны және экспорттық әлеуеті жоғары өнімдер шығаратын жаңа өнеркәсіптік жобалардың нақты тізбесін ұсыну тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу