19 Ақпан 2025, 19:53
19 ақпанда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Үкімет отырысында күн тәртібіндегі мәселеге кіріспес бұрын Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтаның опырылу салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнама шеңберінде кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындалады, сондай-ақ жерлеуге арналған төлемдер жүргізіледі. Жалпы Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін тергеу нәтижелері ұсынылады.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қарастырылды. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ Авиация әкімшілігінің, отандық әуежайлардың басшылары мен әуе компаниялардың өкілдері ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Премьер-министр Мемлекет басшысының авиация саласын дамытуға, сондай-ақ Қазақстан аумағында халықаралық әуе хабтар құруға ерекше назар аударып отырған айтты. Осыған байланысты Үкімет еліміздің ең ірі 6 әуежайының аумағында арнайы экономикалық аймақ ашу туралы шешім қабылдады. Олар халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалдаушылар үшін жағдай жасауға басты назар аударылады.
Премьер-министр Кендірлі, Зайсан және Қатонқарағай курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар құрылысының маңызды екенін атап өтті. Шағын авиацияны дамытуға, сондай-ақ әуе такси сияқты жаңа қызметтер енгізуге баса назар аударылады. Премьер-министр Көлік министрлігіне аталған бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Олжас Бектенов министрліктер алдында бірқатар маңызды міндеттер қойды:
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу