ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2026

28 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

  • «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды.Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Алматы облысының әкімдері Марат Сұлтанғазиев, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов баяндама жасады.
  • Президент тапсырмасы бойынша әзірленген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан бойынша желілік инфрақұрылымның тозуын орта есеппен 40%-ға дейін қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша 2025 жылдан 2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғайтылды. Бұл Ұлттық жобада көзделген жаңа тетіктердің тиімділігін айқын көрсетеді. Ұлттық жобаны жүзеге асыруға жеке және шетелдік капитал тартылған. 2026 жылға мақұлданған қарыз қаражатының жалпы көлемі 625 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 6 жетекші халықаралық қаржы институты қарастырылған.
  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Министр қазіргі уақытта «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының электрондық платформасында 330 млрд теңгеге 105 жоба орналастырылғанын, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша Министрлік жұмыстың үш негізгі бағытын айқындағанын атап өтті. Бірінші – сумен жабдықтау, су бұру жүйелері мен заманауи кәріз-тазарту құрылыстарын салу. Екінші – Ұлттық жобаны жүзеге асыруда қазақстандық тауар өндірушілерді барынша тартып, отандық өндірісті дамыту. Үшінші – заманауи басқару және есепке алу жүйелерін енгізіп, коммуналдық секторды автоматтандыру және цифрландыру.
  • 2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде шамамен 2 418 МВт қуатты іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің мәліметінше ел экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2029 жылға дейін жалпы сомасы 6,2 трлн теңге болатын жалпы көлемі 7,3 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу, оның ішінде қолданыстағы қуаттарды алмастыруға бағытталған жобалар көзделген.
  • Ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті нормативтік құқықтық база толықтай қабылданды, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері айқындалды. Өңірлерде ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге уақтылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтап қана қоймай, одан әрі арттыра түсу қажет деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр әрбір басшы Ұлттық жобаның нақты мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге және барлық іс-шараның уақтылы жүзеге асырылуына тікелей жауапты екенін, қолдағы бар мүмкіндіктерді жұмылдыру қажет деп тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу