29 Шілде 2025, 13:45
29 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру шаралары қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері, сондай-ақ бірнеше өңірлердің әкімдері баяндама жасады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еңбек нарығы тұрақтылықты көрсететінін, ал жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталатынын баяндады.
Өнеркәсіп вице-министрі Иран Шархан Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен 40 мың адамды құрайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда жаңа кәсіптер атласы министрлік желісі бойынша 75 жаңа кәсіпті қамтиды.
Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек отын-энергетика кешенінде 303 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істейтін, 1671 кәсіпорын кіретінін хабарлады. Биыл осы салада 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, 285,5 мың өндіруші жұмыс істейді, олар шамамен 1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. АӨК салалары бойынша кадрларға жалпы қажеттілік шамамен 6,5 мың адамды, оның ішінде 3,5 мыңнан астам білікті қызметкерді құрайды.
Вице-министр Қаныш Төлеушин есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға 27 мемлекеттік қызмет қолжетімді болғанын, оның 23-і электрондық форматта, оның ішінде 11-і проактивті режимде көрсетілетінін атап өтті.
Премьер-министр Мемлекет басшысы 2030 жылға қарай 3,3 млн адамды, соның ішінде 2,3 млн жасты жұмысқа орналастыру бойынша нақты бағыт-бағдарды айқындап бергенін атап өтті. Осыған байланысты әкімдердің KPI енгізуді және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша бірыңғай цифрлық жүйені әзірлеуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу