08 Шілде 2025, 14:00
8 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Мал шаруашылығы мен ветеринарлық қадағалауды дамыту және саланы цифрландыру мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері Жаслан Мәдиев, облыс әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым басшылары баяндама жасады.
Премьер-министр еліміздің мал шаруашылығы саласындағы ішкі әлеуетін атап өтті. Ауыл шаруашылығы жануарларының санын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
Одан бөлек, ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығына назар аудартылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу