ҚР Үкіметінің отырысы, 20.05.2025

20 мамыр күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

Оқу жылының аяқталуы мәселелері  және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, университеттерде оқу жылының аяқталуы және ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуі туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, балаларды сауықтыру және демалыс орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы – денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, балалар туризмі және бұқаралық спорт түрлері туралы – туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев баяндады. Сондай-ақ мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың, ішкі істер министрі Ержан Саденовтің, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр әкімдерге балалар лагерлерінің ашылуын және олардың санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жеке бақылауға алу тапсырды.

Премьер-министр емтихандарды, ұлттық бірыңғай тестілеуді, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Тестілеу мен емтихан кезінде, «соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі бөлек атап өтілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу