ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа және Ұлыбританияға жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында «Tyson Foods» компаниясымен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.  

Бұл құжат бірінші кезеңде ҚР-да қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды қарастырады. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығында ондаған мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

 

«Tyson Foods» — Қазақстанға ет өңдеуді дамытуға және фермерлік шаруашылықтардың мал басын арттыруға серпін беруі үшін қажетті тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі компания.

 «Valmont Industries» компаниясының президенті С. Каниевскимен келіссөздер барысында ауыл шаруашылығында алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану салаларындағы ынтымақтастық перспективалары және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

 «Valmont Industries»-пен Қазақстан Республикасында тиімді суару және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті жақсарту қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанда 2022 жылы қуаттылығы жылына 1 мың машина фронтальді және айналма суаруды құрайтын «Valley» ирригациялық жүйелерін өндіру зауытын салуды қарастырады.

Омаха қаласында Асқар Мамин «Valmont Industries» зауытында кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтарымен және технологиялық процесімен танысты.

Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласына барып, онда инновациялық және цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді.

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның басқарушы директоры Р. Саманспен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша құжатқа қол қойылды. 2020 жылы Қазақстанда ДЭФ Үлестес орталығын ашу көзделген.

Сонымен қатар, Асқар Мамин «Cisco» трансұлттық корпорациясының жұмысымен танысты.

Компания вице-президенті Г. Дидрих шығарылатын технологиялық өнімдер түрлерімен таныстырды. Талаптар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсаттарға қол жеткізуде және ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастықтың жаңартылған стратегиясын іске асыру мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы ірі инновациялық компаниялардың басшылықтарымен келіссөздер өткізді. «One Web» компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысында Қазақстанның аумағын жерсеріктік байланыс арқылы жаппай жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпен қамту жобасын іске асыру перспективалары қаралды. АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов және «One Web» басшысы А. Штекель жобаны одан әрі ілгерілету туралы тиісті құжатқа қол қойды.

Премьер-Министр А. Маминнің «Bright Sphere Investment Group» (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директоры С. Ранамен келіссөздер Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналды. Ол үшін Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры мен BSIG 2020 жылы бірлескен қор құруды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, «Chevron» корпорациясының барлау және кен өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Д. Джонсонмен кездесудің күн тәртібінде Болашақ кеңейту жобасын дамыту мәселелері қаралды. Әсіресе, «Теңізшевроил» жобасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақстандық жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы мен еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, Премьер-Министр «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытын аралады, онда компания басшылығымен кездесу аясында Қазақстанда жанар-жағармай құю станциялары желісін кеңейту және электромобильдер үшін сервис орталықтарын ашу мәселелері қаралды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Лондон қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасында Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың Кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімге сәйкес, Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа көпсалалы ауруханалар салынады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу