Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін салынатын әкімшілік айыппұл көлемі 10 есе өседі — М. Мырзағалиев

Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019, 10:47:49

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясындағы жобасын ұсынды. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 2,5 млн тоннаны, ал жыл сайынғы өсуі 100 мың тоннаны құрап отыр. 

«Егер тиісті шара қабылданбаған жағдайда, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетін болады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін Министрлік неміс тарапының қолдауымен 2050 жылға дейінгі төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеуге кірісті», — деді М. Мырзағалиев. 

Министр атап өткендей, қазіргі уақытта еліміздің 3,5 мың полигонында 120 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған және жыл сайын 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жиналып отырады. 2016 жылдан бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу 2,6%-дан 11,5%-ға дейін, ал өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу үлесі 26,8%-дан 32,2%-ға дейін өскені байқалады.

2019 жылдан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынды. Алайда, өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, іске қосылған механизм жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылмай отыр. 

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, атмосфералық ауаның сапасы, жер үсті суларының ластануы, кәріздік тазарту құрылғыларының тозуы немесе болмауы, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының болмауы немесе жай-күйінің нашарлығы бойынша проблемалар бар. Бұдан басқа, шешуді қажет ететін жергілікті экологиялық проблемалар да бар. 

«Жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдау арқылы аталған проблемаларды шешуге тырысады. Дегенмен, республиканың қоршаған ортасын жақсарту үшін ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау қажет», — деді министр. 

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық кодекс пен оған ілеспе заңның жобаларын әзірледі. Экологиялық кодекс жобасы – экологиялық реттеудегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі ескеріле отырып әзірленген жаңа құжат. 

Сонымен қатар Кодексті әзірлеу кезеңінде, оны өңірлерде жұртшылықпен және бизнес-қауымдастықпен кеңінен талқылау жүргізілді. Осы талқылау барысында жұртшылықтан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті. Соның біразы Кодекске енді.  

Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптен тұрады.  

Бірінші принцип — «ластаушы төлейді және түзетеді» 

Ол ластанудың алдын алу және бақылау шараларын, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру үшін жауапкершілікті көздейді. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлегеннен гөрі қоршаған ортаға теріс әсер етуге жол бермейтін шараларды қолдануға жағдайлар жасауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда «превенция» механизмі. Сонымен қатар, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті.

Екінші принцип — қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері

Қолданыстағы Экологиялық кодекс бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау – ОВОС – рәсімінен өту талаптары іс жүзінде барлық, яғни 19 мың кәсіпорынға қолданылады. Бұл тәсіл тиімсіз және орынсыз. Сондықтан жаңа Экологиялық кодексте шығарындылардың 80% тиесілі «бірінші санаттағы» 2,6 мың кәсіпорынға ғана аталған талапты қолдану ұсынылады. Бұл ретте, жұртшылық қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады. 

Үшінші принцип — озық қолжетімді технологияларды енгізу мен экономикалық ынталандыру шаралары.

Экологиялық жағдайды барынша жақсартуда озық қолжетімді технологияларды ендіру керек. Бұл үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық аудиттен өтеді. Шығарындылар көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялар ұсынылады. Озық қолжетімді технологияларды ендірген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер олар осы технологиялар жүйесіне ауыспағанда эмиссияға төлем ставкалары артады. 

Төртінші принцип — эмиссия үшін түсетін төлемдерді экологиялық шараларға бағыттау. 

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада қоршаған ортаға эмиссиялар төлемдерін табиғатты қорғау шараларына жұмсау міндеттілмейді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар түскен қаражаттың 0%-дан 400%-ға дейін, орта есеппен алғанда 45%-ын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп отыр. Экологиялық төлемдер мен оларды жұмсауға байланысты қазіргі жағдай халықаралық сарапшылар тарапынан бірнеше рет сынға алынды. Осыған байланысты, ілеспе заң жобасында табиғат қорғау іс-шараларын экологиялық төлемдер есебінен 100% қаржыландыру міндеттелген.

Бесінші принцип — шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру

Экологиялық кодекстің жобасында I санаттағы объектілер үшін шығарындылар мен төгінділердің сапалық және сандық құрамы туралы уақтылы және шынайы ақпарат алу үшін деректерді уәкілетті органға берумен өндірістік экологиялық мониторингті міндетті автоматтандыру қарастырылған.  

Алтыншы принцип — экологиялық бақылауды күшейту.

Ілеспе заң жобасында тұрғындардың өмір жағдайына тікелей әсері бар фактілер бойынша тексеру жүргізу тұрғысынан Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылады. Аталған өзгерістер қоршаған ортаға кері әсер фактілеріне жедел ден қоюға бағытталады. Әкімшілік айыппұлдарды 10 есеге ұлғайту арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Жетінші принцип — өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру.

Жаңа Экологиялық кодекстің жобасында ЭЫДҰ елдерінде пайдаланылатын айналмалы экономика принциптерін ендіру басты назарға айналды. Аталған жоба шеңберінде қалдықтарды кезең-кезеңмен басқаруға бағытталған қалдықтардың иерархиясы, яғни олардың пайда болуының алдын алуға, қайта пайдаланылуына, қайта өңделуіне, жойылуына бағытталған шаралар тізбегі қарастырылған. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының санын төмендету мақсатында қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау және қоқыс шығаратын ұйымдар үшін ескерту тәртібі енгізілетін болады.

«Біздің елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі үлкен проблема болып табылады: тек 14%-ы ғана қайта өңделеді. Тарифтері төмен болғандықтан, бұл сала инвесторлар үшін инвестициялық тартымды емес. Қалдықтарды жағу кезінде алынатын электр энергиясын сатуды көздейтін «Waste to Energy» механизмін енгізу ұсынылады. Бұл ретте еуропалық директивалар тәрізді, шығарындылардың сапасы бойынша қатаң талаптар қойылады. Осы механизм 2025 жылға дейін қалдықтар көлемін 30%-ға дейін азайтуға және жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», — деді М. Мырзағалиев. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.