Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» көрмесін өткізу аумағындағы «Нұр Әлем» Болашақ музейін» аралап көрді

11 қараша 2017, 13:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізу аумағындағы сферада орналасқан «Нұр Әлем» Болашақ музейі» туристік аймағын аралап көрді.

Аралау барысында Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» нысандарының көрмеден кейін пайдаланылуымен танысты. «Болашақ музейі» қабаттарында цифрлық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқылы энергияның негізгі түрлері — ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиясы көрсетілген.

«Экспо-2017» нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасына сәйкес «Нұр Әлем» павильоны, тақырыптық павильондар және үздік практикалар аймағы музей кешендері ретінде жұмыс жасайды. Конгресс орталығы, энергия холы, арт-орталық және коммерциялық павильондар көрме холдары, концерт залдары ретінде өзінің мақсатты арналуын сақтап қалады және көпшіліктің келуі үшін ашық болады.

Анықтама: «Экспо-2017», Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) мойындалған халықаралық мамандандырылған көрме, Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін өткізілді. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы». Көрмеде 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өз павильондарын таныстырды. «Экспо-2017» өткен үш айда елордаға 5,4 млн адам келді. Көрменің өзін 3,977 млн адам аралап көрді.

«Экспо-2017» орталық нысаны — «Нұр Әлем» — диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр пішімі біртұтас сфера болып табылатын әлемдегі жалғыз ғимарат.