Бақытжан Сағынтаев экономиканы цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

12 шілде 2017, 17:50
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында мемлекеттік органдар қызметін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында экономиканың әлеуметтік проактивті салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды. Ақпарат және коммуникациялар, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктерінің АКТ саласында білікті мамандар даярлау, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының ІТ-инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлары қаралды.   

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.