Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде – қатысушылардың пікірлері

Сәрсенбі, 30 Қазан 2019, 19:05:46

Еліміздегі жоғары басқарушылық мемлекеттік лауазымдарға, ұлттық холдингтер мен компаниялардағы жоғары басқарушы лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік — осындай перспектива еліміздегі және шетелдегі мыңдаған жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Олардың барлығы «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысты.

Резервке олардың ішіндегі 300 барынша талантты және даярланған жастар алынады.

Қазіргі уақытта тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы жобаны таныстыру, эссе жазу және құзыреттерін бағалау сияқты үш кезеңнен тұратын іріктеудің келесі кезеңі ‒ «Әлеуетті бағалаудан» өтуде.

Осы кезеңде үміткерлердің эссесі мен жобалық жұмысы онлайн түрде бір уақытта үш сарапшымен бағаланды.

Үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін сертификатталған бағалаушылар мен кәсіби супервизорлар тартылды. Олар үміткерлердің құзыреттерін мінез-құлық индикторлары арқылы, жеке және топтық ассесмент құралдарын қолдана отырып анықтайды.

«Әлеуетті бағалау» кезеңіне өткен үміткерлер өздерінің іріктеу жөніндегі ойларымен бөлісті.

Мәселен, кәсіпкер Бекжан Pkrezetv.kz порталына 13 мың адамның тіркелгенін көрген кезде таңғалған.

«Бастапқыда қызығушылық танытатындардың саны бір жарым, екі мың адам болады деп ойладым. Көптеген жастардың бұл жобаға қызығушылығы зор екені байқалады. Соның ішінен бес жүз адамның ішіне кіріп отырғанымыз, біз үшін бір мәртебе деп ойлаймын. Өте мықты ұйымдастырылған, ешқандай кедергілер болған жоқ. Басында сұрақтары қиын деген әңгіме болды, бірақ, дегенмен, менің ойымша сайдың тасындай сапталған жігіттер, қыздар сондай сұрақтарды шеше білу керек. Шындықты айтқанда, таңғалып отырмыз, былай орысша айтқанда «банально» болады деген оймен келгенбіз. Бірақ, бүгінгі тапсырмаларды көріп шетелдік компанияларға жұмысқа тұрып жатқандай сезімге бөленіп отырмын. Мықты»,  — деді Бекжан.

IT-саласының маманы Азамат іріктеуден өтпей қалған жағдайда ешқашан өкінбейтінін айтады.

«Мен осындай жобаға қатыстым. 550 адамның ішіне кіргеніме өте қуандым (тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы келесі "Әлеуетті бағалау" кезеңіне өтті – еск.)», — дейді ол.

Жылу-энергетика саласының маманы Алексей Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Бұл өте ашық жүйе. Мен ненің қашан іске қосылатынын, өзімнен ненің талап етілетінін түсініп отырдым. Ол (жүйе – еск.) бір күн ішінде ғана дайындалмай, ойластырылып жасалғаны байқалады. Барлығы өз кезегімен жүретін нақты ашық жүйе (іріктеу жүйесі – еск). Сен өз орныңды көріп, алдағы уақытта не күтіп тұрғанын қарай аласың. Менің ойымша бұл ақылды жастар үшін ерекшеленіп, өзін жоғары дәрежеде көрсету үшін керемет мүмкінді», — деді Алексей.

Айнара есімді мемлекеттік қызметші 24 сағат бойы қашықтықтан тестілеудің ыңғайлы болғанын айтады. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы іріктеу бойынша толық ақпарат берді.

Туризм саласында еңбек ететін Даниэль де іріктеудің жоғары жеңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек етті. 

«Ұйымдастыру (іріктеуді ұйымдастыру - еск.) маған өте қатты ұнады. Әрбір кезең сайын мен өзіме жаңа сынақ, challenge алып отырдым: презентация жасау, 5 минут ішінде 5 слайд көрсету, белгілі аралық (уақыт – еск.) ішінде эссе тапсыру. Бүгінгі ассесмент, әр ретте жылдамдатып отырады. Ұйымдастыру жағынан барлық ақпараттың қолжетімді болғанын атап өткім келеді», — деді Даниэль.

Мемлекеттік қызметші Элина кадрлық резеврке өзінің қатысуына не түрткі болғанын айтып берді.

«Кадр резерві жөнінде хабарландыру шыққаннан кейін бірден қатысқым келіп кетті. Бірақ айналамдағы адамдар күмәнмен қарап, қызғылт көзілдірігіңді шеш, оны қайтесің және онда барлығы шешіліп қойған шығар деген сөз қозғады. Мен талаптанып көру керек деп айттым. Біріншіден, Президент өзі жариялады. Екіншіден, бұл бақ сынап көруге тұрарлық жаңа формат. Үшіншіден, бұл үлкен мүмкіндік. Жалпы жобаның өзі бірегей. Менің ойымша мұнымен барлық қатысушылар келіседі... Онлайн және офлайн кезеңдер де бар. Бұл әрбір үміткерге арналған кешенді тәсіл. Ол өте мықты әрі жаттыққан ұйымдастырушылар тобы... Барлығы өте сапалы жасалған. Техникалық қолдауға өтінім берген кезде шұғыл арада жауап береді. Мәселеңді шешіп қана қоймай, қолдау көрсетуге тырысады», — деді  Элина.

Кадрлық резервке іріктеуді өткізудің техникалық бөлігі туралы кезекті бір қатысушы ‒ кәсіподақ ұйымының қызметкері Гүлзира айтып берді. 

«Бірінші кезекте мені сайттың техникалық қамтылуы таңғалдырды. Барлық қажетті жағдайлар мен заттар алдын-ала қарастырылған. Өз алдымда қандай да бір нақты техникалық қиыншылықтар туындаған жоқ. Ассесмент – ол үміткердің құзыреттерін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттерді бағалаудың заманауи үрдісі. Бүгінгі ассесмент тайм-менеджмент тарапынан өте жақсы ұйымдастырылған. Біз өзіміздің кестемізді, логистикамызды, яғни қайдан қайда бару керектігін білеміз. Қандай стримге жататынымызды білеміз. Бұл түстер, аудиториялар, адамдар саны бойынша реттеу... Мен біздің (еск. – қазақстандық) мемлекеттік органның қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаны жүзеге асыра алатынын мақтан тұтамын. Бүгінгі таңда мен үлкен нәтижелерге қол жеткіздім, мен осы 549 адамның ішіне кірдім (тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы келесі "Әлеуетті бағалау" кезеңіне өтті – еск.)». Мен соңына дейін баруға және өзімнің барлық әлеуетімді көрсетуге дайынмын. Күн сайын мені түрлі ақпараттық агенттіктерде шығатын ақпараттық себептер рухтандырады. Осыған үлкен мән беріліп келе жатқаны осы мақсаттарыма қол жеткізуге өте уәждемелейді», — деді  Гүлзира.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.