Дариға Назарбаева Риодағы Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

12 тамыз 2016, 00:56
Фото: Reuters

Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Риодағы XXXI жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне құттықтау жолдады.

«Қымбатты біздің чемпиондар, жүлдегерлер және Қазақстан Республикасының Олимпиада құрамасының мүшелері!

Біз, қазақстандықтар, Сіздердің әр қайсыларыңыздың өнерлеріңізді зор үмітпен және сеніммен бақылаудамыз. Олимпиада ойындары жаңа жұлдыздардың жарқырауына жол ашады және спортты  биік шыңдарға жетелейді. XXXI жазғы Олимпиада ойындарының биік тұғырына көтерілуге жеткізген  сіздердің бойларыңызға қуатты күш құятын отандастардың қолдауы, Отанға және туған-туыстарға деген сүйіспеншілік.  

Сіздер алған марапаттар - Тәуелсіз Қазақстанның 25-жылдығына қосылған орасан зор үлес!  

Біздің құраманың барлық спортшыларына өздеріңізге қарап сезінетін асқақ абырой үшін алғыс айтқым келеді! Сіздер – біздің күш-жігеріміз және жас, табысты және мықты мемлекеттің бейнесісіздер!

Білімі, ерен еңбегі және шеберлігінің арқасында жаңа аттарды шығарып, жаңа рекордтарды бағындыруға атсалысып жүрген барлық жаттықтырушылар құрамына үлкен алғысымды айтамын.

Сіздерді тәрбиелеп, жаттықтырған жандардың атсалысумен жеткен жетістіктеріңіз мәңгіге отандық спорт тарихына енеді.

Сіздерге спорт пен Ұлы Отанымыздың абыройын асқақтататын жаңа жарқын жеңістер тілеймін!», – деп жазылған құттықтауда.