Бақытжан Сағынтаев РФ Тікелей инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Игорь Вдовинмен кездесу өткізді

22 желтоқсан 2016, 14:44
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Тікелей инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Игорь Вдовинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар ІТ-технологиялар, атом энергетикасы, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі салаларындағы бірлескен кәсіпорындар жұмысының мәселелерін қарастырды.