04 Ақпан 2020, 19:00
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.
— Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.
— Баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, көтерме сауда нарықтарын дамыту стратегиясы, ҚР-дағы агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары туралы Қазақстандағы АДБ өңірлік өкілдігінің директоры Д. Каппанелли баяндады.
— ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
— ҚР цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу