Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 10:43:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

А. Жұмағалиев атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 5 бағыт бойынша іске асырылып жатыр.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдан бастап ЖІӨ 30%-ға дейін өсім береді. 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Цифрлық экожүйеге 67 млрд теңге сомасында инвестиция тартылады. Халықтың 97%-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады.

«Бұл жоспарлар әлемдік бенчмарк негізінде жасалған. Мысалы, Еуроодақта цифрлық экономика 40% өсім беруде. Ал өндірістік шығындар 5-8%-ға қысқаруда. Барлық мемлекеттік органдармен із осы жоспарларға қол жеткізуіміз қажет», — деді министр.   

 

Білім беруді цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бірінші бағыты — адами капиталды дамыту бойынша бүгінде белгілі-бір жетістіктерге қол жеткізілген. 

Еліміздің барлық мектептері компьютермен жабдықталған. Мектептердің 93%-ы Интернет желісіне қосылған.

Жоғары білім беруде 2019-2020 оқу жылына АКТ бағыты бойынша 19 мыңға жуық грант бөлінді.

Бұдан өзге, 2019 жылы Astana Hub базасында Аlem-i бағдарламалау мектебі және Astana IT Университеті ашылды. Ол жерде жаңа буын мамандары дайындалады.

Сондай-ақ, халықтың цифрлық сауатын ашу курстары тұрақты түрде өткізілуде. Соның нәтижесінде, цифрлық сауаттылық деңгейі 79%-дан асты.

2020 жылдан бастап бағдарламалау негіздерін оқыту 1-сыныптан бастап енгізіледі. Алматы қаласында екінші Аlem-i бағдарламалау мектебін және АХҚО базасында Нұр-Сұлтанда QWASAR бағдарламалау мектебін ашу жоспарланған. Осылайша, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80%-ға дейін жеткізу көзделген.

 

Халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету

«Цифрлық «Жібек жолы» бағытының негізгі міндеті — халықты сапалы Интернетпен қамту. Қазіргі таңда 117 қала мен 250-ден астам халқы бар 3324 ауыл кеңжолақты интернетпен қамтылған. Өткен 2 жыл ішінде 481 ауыл кең жолақты Интернетке қосылды. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасады. Бұдан өзге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобалары іске асырылды. 

Сондай-ақ, 2019 жылдың соңында Қазақстан – Әзербайжан бағыты бойынша TransCaspian Fiber Optic жобасының құрылысы басталды.

2020 жылы кеңжолақты интернетке 880 ауыл қосылады. Үй желісіне интернетті қосу деңгейін 84%-ға жеткізу жоспарланған.

 

 Цифрлық мемлекетке көшу

«Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты аясында келесі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңды қабылдады.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы (580 қызмет) бүгінде электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы 70 млн құжатқа қысқарды. Құжаттардың орташа пакеті 30%-ға азайды (6-дан 4 құжатқа дейін). Ал мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі орта есеппен 3 есе (31 күннен 10 күнге дейін) қысқарды. Осы жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсынуды 90%-ға жеткізу көзделген. 

Өткен жылы 196 интеграция жасау жоспарланды, оның 161-і жасалды. Мемлекеттік органдар қосымша 162 интеграция жасады. Осылайша 320-дан астам интеграция жасалды.

2019 жылдың соңында «Smart Bridge» жобасы іске қосылды. Соның арқасында, интеграция мерзімі мен шығындары 3 есе азайды. Жалпы, осы жылға 100-ден астам интеграция жасау жоспарланған.

Цифрландыру аясында мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру қажет. Бұл процесті Мемлекет басшысы 2020 жылдың бірінші жартысында аяқтауды тапсырды. Жалпы 46 мемлекеттік қолдау шарасының 42-сі автоматтандырылды. Дегенмен, 2 мемлекеттік органның 4 шарасы автоматтандырылмаған. 

Цифрлық мемлекетті құрудың тағы бір механизмі ретінде мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы құрылуда. 

Оған британдық тәжірибе қолданылды. Ортақ платформа құру нәтижесінде 2 млрд теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделеді деп күтілуде.

Қазіргі таңда 10 мемлекеттік орган ортақ платформаға көшуге дайын. 

Аса маңызды жобалардың бірі — жер қатынастарын цифрландыру. Басты мақсат – жер телімдерін онлайн беру. Қызметті көрсету үшін Бірыңғай мемлекеттік кадастр жүйесі құрылуда. Жүйе Жер кадастрын, Жылжымайтын мүлік регистрін және аймақтық геопорталдарды біріктіреді.

Осы жылдың І тоқсанында Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында жерді онлайн беру пилоттық режимде іске қосылады.

 

 Денсаулық сақтауды цифрландыру

А. Жұмағалиев атап өткендей, денсаулық сақтауды цифрландыру саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда, оң нәтижелер бар. Бүгінгі таңда емделушілер және дәрігерлердің уақыты 50%-ға үнемделді.

Жалпы, дәрі-дәрмек саласында цифрландыру есебінен 23 млрд теңгеге жуық тиімділік белгіленген. 

Осы жылы аудандық деңгейге дейін емханаларды компьютермен 100% қамту жоспарда бар. Ал медициналық мекемелерді ақпараттық жүйелерге қосу 93%-ға жетеді.

 

Қаржы саласын цифрландыру

Банктік жүйелерді eGov порталымен интеграциялау есебінен салықтық төлемдер 1,8 есеге артты. Бизнестің 73% онлайн кассалық машиналармен қамтылған. Ал барлық кедендік декларациялардың 81%-ы 1 минутта беріледі.

Қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 2,3 есе өсіп, 14,5 трлн теңгеге жетті. Соның нәтижесінде, 2019 жылы бюджетке қосымша түсімдер 448 млрд теңгеден асты 

2020 жылдан бастап бюджеттік жоспарлау қағазсыз және ашық түрге көшіріледі. Барлық кедендік құжаттар «бір терезеден» берілетін болады. Одан басқа, қосылған құн салығын блокчейн технологиясы бойынша төлеуді қамтамасыз ету жұмыстары басталады. Бұл бизнестің жұмысын жеңілдетеді.



Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша электрондық еңбек биржасы арқылы 523 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. 

Азаматтар 14 түрлі төлемдерді ешқайда бармай-ақ, проактивті форматта ала алады. Жалпы алғанда, 2019 жылы цифрландырудың әлеуметтік-еңбек саласына әсері 1,5 млрд теңгеге жуықты құрады.

2020 жылы тағы 6 қызмет проактивті форматта ұсынылатын болады және кадрларды қайта дайындау порталы құрылады.

Елбасы тарапынан 2018 жылы қолдау тапқан Smart Data Ukimet жобасына 5 мемлекеттік орган қосылып, олардың дерекқорларына талдау жасалды.

Соның нәтижесінде бірқатар экономикалық модельдер іске асырылды. Халықты жұмысқа орналастыру, тегін дәрілік заттарды бөлу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттар бөлу және т. б.

Осы жоба жасанды зерде элементтерін пайдаланып, бюджет қаражатын үнемдеуге жол ашты.

Сондай-ақ, А. Жұмағалиев жасанды зерде саласында жұмыс басталғанын мәлімдеді. Ол үшін арнайы Заң жобасы әзірленді. Назарбаев университеті және Дүниежүзілік банкпен бірге Институт құрылып, бағдарлама жасалуда.

«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, біз 2020 жыл ішінде осы жоба аясында жұмыс істейтін боламыз. Бұл жаңа экономикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді. Жасанды зерде технологиясы бар Smart Data Ukimet жобасы 180 млрд теңгеден астам сомаға жанама әсер беруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.

Экономиканың нақты секторына елімізде ерекше мән беріледі. Осы ретте «Экономика салаларын цифрландыру» бағыты бойынша отын-энергетика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы секторларын цифрландырудың жиынтық әсері 92,4 млрд теңгені құрады. 200 кәсіпорын мен фермаларда 230-дан астам цифрлық жобалар енгізілуде. 

Бұл тұрғыдан Самрұқ-Қазына қорының құрамына кіретін компаниялар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 

 

Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту

Әкімдіктермен 5 негізгі және 6 қосымша бағытта цифрландыру жобалары әзірленуде.

Өткен жылғы жұмыс нәтижесінде «ақылды» қалалардың рейтингі құрылды. Бұл рейтинг жарты жыл сайын жаңарып отырады. 

Осы жылы, алдымен әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс. Одан басқа, қоғамдық көліктерде электронды билеттерді енгізу тәжірибесін әрі қарай тарату қажет.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кеңейтілген отырыста венчурлық инвестиция тарту маңызды міндет екенін атап өтті. Оған қоса, адами капиталды дамытуға ерекше мән берілуде. Қазіргі уақытта Astana Hub АТ-стартаптар технопаркі 100% толтырылған. Онда отандық және шетелдік АT-компаниялардың 17 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

90-нан астам стартап жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар отандық стартаптарға18,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

«2020 жылы кем дегенде 2 технопаркті қолдаумен біз шамамен 15 млрд теңге инвестиция тартуға тырысамыз. Бұл жұмысты біз барлық мемлекеттік органдармен және компаниялармен бірлесіп жалғастырамыз», — деді А. Жұмағалиев.

 Жалпы, республикалық бюджеттен 2 жыл ішінде 35 млрд теңге жұмсалды. Цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстың экономикалық тиімділігі 803 млрд теңгені құрады.

Инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды.

Аралас салаларды ескере отырып, 120 мың жұмыс орны құрылды. Оның 78 мыңы 2019 жылы пайда болды.

Қорытындылай келе, А. Жұмағалиев жоғарыда көрсетілген міндеттер бойынша белсенді жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.