Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 14:02:28

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Б. Сұлтанов атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығына бірқатар себеп ықпал етеді. Оның ішінде өндіріс көлемі, қандай да бір өнімдердің жеткіліксіздігі, осы өнімдерде импортқа тәуелділік тәрізді себептер бар. 

«Бүгін ауыл шаруашылығы министрі біз тұтынғанымыздан екі есе көп күріш өндіретінімізді айтқанына қарамастан, күріштен импортқа тәуелділік бар. Өйткені, біз климаттық жағдайларға байланысты бізде шықпайтын күріш түрлерін тұтынамыз. Дегенмен, импортқа тәуелділік бағаның түзілуіне ықпал етеді. Бірақ бұл тапшылық емес», — деді министр.

Сонымен қатар бағаның құбылуына өндіру, тасымалдау кезіндегі өндірушілердің шығындары мен оларды жеткізу кезіндегі түрлі кедергілер, жалпы айтқанда, азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларды делдалдардың кең желісі арқылы таратудың толыққанды тиімді жүйесінің болмауы ықпал етеді. 

«Мысалы, жүйектен алынған өнім 4-5 есе қымбатқа түседі. Біз қосылған құннан айырыламыз, ол салықсыз болады. Бұл өте үлкен проблема. Түптің түбінде бұл бағаның негізсіз әрі көбіне тым жоғары өсуіне әкеледі», — деді Б. Сұлтанов.

Министр атап өткендей, бағаны тұрақтандыру туралы айтқанда, өнімді өндіру немесе импорттаудан бастап дұрыс бөліп, тұтынушыға жеткізуге дейінгі проблеманы тұтас шешу керек. Осыған байланысты көтерме-тарату орталықтарын құруға ерекше көңіл бөлу қажет. Министр мысал ретінде Испания мен Францияны келтірді, көтерме азық-түлік нарығы тұрғысынан бұл елдерде жетістіктер көп. 

«Біз халықаралық тәжірибені жете зерттеудеміз. Мен жуырда Испания және Франция тәрізді елдерге барып, олардың көтерме-тарату орталықтары жүйесімен таныстым. Бұл бағаға әсер ететін үлкен элементтердің бірі. Бұл елдердің тәжірибесі қызықтырады», — деді Бақыт Сұлтанов.

Мәселен, оның айтуынша, Испания мен Францияда мемлекеттің қатысуымен үлкен КТО салынған. Мұндай орталықтар жарты ғасырдан бері жұмыс істейді. Олар нарықтың қажетті өнімдермен толығуына ықпал етеді, өндіруші мен көтерме бағамен сатып алушының арасында ашық, түсінікті байланыс орнатады. Бұл сауда нысандарының бәсекелі желісін кеңейту мүмкіндігіне және өнімдердің тұтынушылар үшін қолжетімді болуына ықпалын тигізеді. 

Анықтама: Испанияда Еуропадағы аса табысты компаниялардың бірі жұмыс істейді, оның ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша 23 заманауи көтерме баға нарығы бар. Оны испан үкіметі 1965 жылы құрған, ол қазір де биліктің бақылауында. Көтерме баға нарықтары арқылы жемістер мен көкөністердің 65%-ы, балықтар мен теңіз өнімдерінің 55%-ы сатылады. 
Францияда ХХ ғасырдың ортасында үкімет 16 ұлттық көтерме баға нарығынан тұратын желі құрды (қазір олармен 3500-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен 2100 көтерме баға саудагері жұмыс істейді). Еуропадағы аса ірі нарық - RUNGIS (Ранжис) француз астанасының маңында орналасқан және өнімдерімен Париж бен оның айналасындағы елді мекендерді ғана емес, көршілес елдерді де қамтамасыз етеді - 18 млн астам адамды қамтиды.  Айналымы - 9 млрд еуродан астам сомаға 1,7 млн тонна түрлі азық-түлік өнімдері.
Бұл ретте, акционерлік капиталдың 56,73%-ы мемлекетке және мемлекеттік компанияларға тиесілі. Ранжистен 20 шақырым радиустағы барлық көтерме сауда сатушылары өз тауарларын тек көтерме баға нарығында сатуға міндетті. Испаниядағы тәрізді, мұнда да көтерме баға нарығынан өнімді тек өндірушілер мен коммерсанттар сатып ала алады. 

Қазақстанда осындай көтерме сауда нарықтарын құру бойынша жұмыстар басталды. Осындай жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар Азия даму банкімен бірлесіп өндірушіден тұтынушыға дйінгі тауарлар ағымын болжау жұмыстары жүргізілуде. 

«Біз бұл жұмыстарға бірқатар даму институттарын тарттық, олар бізге халықаралық тәжірибені зерделеуде көмек көрсетіп қана қоймай, бізбен бірге осындай жүйені құрудың дұрыс қаржылық-экономикалық моделін қалыптастыруды қамтамасыз ететін болады. Жалпы, біз оны тиімді тауар өткізу жүйесі деп атаймыз», — деді министр.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов болашақта көршілес елдермен тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланғанын айтты. 

«Көршілес елдер Өзбекстан мен Қырғызстанда да осындай тәжірибе бар. Айта кететін маңызды жайт, біз біздің оңтүстіктегі көршілерімізбен де ынтымақтасуымыз керек. Өйткені біздің табиғи-климаттық жағдайларымыз ұқсас және көбіне бізде бір проблема туындайды — маусымдық азық-түлік өнімдері бір мезетте піседі, біз оларды бірге өткізуге тырысамыз. Бәсекелес болу дұрыс емес, уақыты мен өткізу нарығы бойынша бөлуге болады. Сондықтан біз көршілерімізбен бұл жұмыстарда бірігіп, тиімді тауар өткізу жүйесін құратын боламыз», — деді министр.

Аталған шаралар тауар өндірушілерге кепілдендірілген өткізуге ие болуға және шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, олар бүгінде жұмсаған ақшаларын технологияларға, өз өндірісінің өнімділігіне, сақтау инфрақұрылымына сала алады. Сауда және интеграция министрлігінің болжауынша, бұл түптің түбінде өндірушілердің өнімдерінің бағасын төмендетуге алып келеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.