Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №41

2019 жылғы 2-7 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, кезекті Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы және салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды. 
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді, оның аясында кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері қаралды.  
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды. 
  • 5 желтоқсан күні Үкімет басшысы Шымкент қаласына және Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, онда бірқатар кәсіпорындарды іске қосты, жаңа әлеуметтік нысандарды ашты және Түркістанда құрылыстардың салыну барысын көрді. 
     

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу