14 Наурыз 2022, 17:59
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы» 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» 2002 жылғы 16 шілдедегі №789 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу