Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы №102 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы» 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» 2002 жылғы 16 шілдедегі №789 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу