Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 09 қаңтардағы №1203 қаулысы

Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде,  сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының                       

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов  

 

Қосымша-1

Қосымша-2

Қосымша-3

Қосымша-4

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу