13 Наурыз 2026, 09:44
Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 5,9547 гектарға азайтылсын.
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
42 |
Жусандала мемлекеттік қорық аймағы |
2757002,73 |
Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу