Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №153 қаулысы

Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы

 

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.       Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 5,9547 гектарға азайтылсын.

2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

«Жамбыл облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

42

Жусандала мемлекеттік қорық аймағы

2757002,73

Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

                                                                                                                         ».

3. Осы қаулы  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу