27 Шілде 2026, 10:00
«2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 126 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:
«
|
13 |
«Қызылорда – Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау/салу |
832425731000 теңге |
2026 –2050 жылдар |
738638000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде 2026 жыл – 246252407000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі) |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі |
|
14 |
Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында II техникалық санаттағы «Бейнеу –Сексеуіл» автомобиль жолын салу |
779662000000 теңге |
2026 –2050 жылдар |
686104000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде 2026 жыл – 194924000000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі) |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі |
|
15 |
«Ұлғайсын – Сексеуіл» (KAZ 06 РФ шекарасы (Самара) – Шымкент) республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау |
762153600000 теңге |
2026 –2050 жылдар |
762153600000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде 2026 жыл – 358824000000 теңге |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Қазақстанның Даму Банкі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу