Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 619 қаулысы

«2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 126 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:

         «

13

«Қызылорда – Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау/салу

832425731000 теңге

2026 –2050 жылдар

738638000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде

2026 жыл – 246252407000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі)

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі

14

Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында II техникалық санаттағы «Бейнеу –Сексеуіл» автомобиль жолын салу

779662000000 теңге

2026 –2050

жылдар

686104000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде

2026 жыл – 194924000000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі)

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі

15

«Ұлғайсын – Сексеуіл» (KAZ 06 РФ шекарасы (Самара) –  Шымкент) республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау

762153600000 теңге

2026 –2050 жылдар

762153600000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде

2026 жыл – 358824000000 теңге

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Қазақстанның Даму Банкі

 ».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу