Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №1009 қаулысы

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 3-8-тармақпен толықтырылсын:

«3-8. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде тартылатын арнайы көлік пен жабдықты сатып алу мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу