03 Қазан 2024, 22:07
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары;
2) Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
3) Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары;
4) Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
5) Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары;
6) Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары;
7) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
8) Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары;
9) Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4
Қосымша 5
Қосымша 6
Қосымша 7
Қосымша 8
Қосымша 9
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу