Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 шілдедегі №646 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
    28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай  өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 344-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

344-1.

Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу

73200

республикалық меншік

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы

2029 жылғы 1 шілдеге дейін

                                                                                                        »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 344-2-жолмен толықтырылсын:

«

344-2.

Ауызша және жазбаша аударма қызметі

74300

республикалық меншік

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы

үнемі

                                                                                                                 ».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу