31 Шілде 2026, 11:00
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 344-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
344-1. |
Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу |
73200 |
республикалық меншік |
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы |
Қазақстан Республикасы |
2029 жылғы 1 шілдеге дейін |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 344-2-жолмен толықтырылсын:
«
|
344-2. |
Ауызша және жазбаша аударма қызметі |
74300 |
республикалық меншік |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Қазақстан Республикасы |
үнемі |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу