Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №1170 қаулысы

«Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кандидаттар – Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын азаматтар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары;»;

9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік органның кандидатураның жоқтығы не өзара алмастыру қажеттігі туралы жазбаша хабарламасы бойынша уәкілетті орган тиісті мемлекеттік орган кандидатурасының орнына өз кандидатурасын ұсына алады.»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Кандидатпен әңгімелесу нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің тиісті хатқа қол қоюын және оны Еуразиялық экономикалық комиссияның атына жолдауды қамтамасыз етеді.

19. Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидаттарды қатарынан 2 (екі) мерзім бойы жіберуге жол берілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

«19-1. Егер Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссиясымен еңбек шарттарын 2 (екі) жылдан кем уақытқа жасасқан болса, Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының қатарынан 2 (екі) мерзімге біліктілік іріктеуіне қатысуына жол беріледі.

Осы тармақта көрсетілген жағдайда біліктілік іріктеуі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                           Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу