27 Тамыз 2026, 10:00
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және олардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды;»;
мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 466-1), 466-2) және 466-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«466-1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
466-2) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;
466-3) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;»;
19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Министрліктің аппаратын Министрліктің бірінші басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын аппарат басшысы басқарады.»;
22-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу